Bugin

Мереке күндері сауда орталықтары жұмыс істей ме?

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында ойын-сауық орталықтары мен автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер айтты.

Ведомстводағылар мереке күндері ойын-сауық орталықтары мен автобустардың жұмысы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашадағы №64 қаулысы бойынша реттелетінін айтады.

Осылайша, алдағы мереке күндері сауда орталықтары 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 17.00-ге дейін азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметіне рұқсат етіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қала береді. Автобустар мен метрода маска режимі сақталуы керек.

Еске салайық, мұның алдында мереке күндері 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда да қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейтіні айтылған еді.